Қазақша сөйлемeу үшін айтылатын жақсы сылтаулар.

Ақпан 25, 2010 at 10:38 pm 7 пікір

Бізде Қазақпен Қазақ Қазақша сөйлессін деген жақсы қағидамыз бар, бірақ кейде қаракөз қазақтардың өзі сөйлегісі келмейді.

Қазақша Сөйлегісі келмейтіндердің және сөйлемейтіндердің сылтауларын екіге бөлдім.

Бірінші НЕГІЗСІЗ сылтаулар:

1) Жұмыстағылардың бәрі Қазақша білмейді.
2) Туыстарым қазақша білмейді
3) Жұмыста құжаттар орысша
4) Менің клиенттерім Орыс тілді
5) Өз ойымды Орысша еркін жеткізе аламын
6) Қоғам солай, мемлекеттік тіл деп айтылғаны болмаса, қоғамда ашық қолдау жоқ.
7) Бастықтар өздері сөйлемейді
8) Басқалары сөйлемейді( Жиналыста бәрі Орысша сөйлейді, арамызда Орыста бар)
9) Қазақ тілі қиын
10) Қазақша сөйлесем өзімді ауылдық Қазақ сияқты сезінемін.

Сізде қосымша сылтау болса жазып кетіңіз.

Ал ойлап отырсам Қазақша сөйлемеуге кедергі боларлықтай төмендегі “біраз НЕГІЗІ” бар сылтауларда бар екен.

1) Қазақша ақпарат алу қиын
2) Қазақша білім алу қиын
3) Жапы Қазақстанда Қазақша ғана білсең өмір сүруде қиын.

Жоғарда айтылғандай, НЕГІЗДІ сылтауларымыздан НЕГІЗСІЗ сылтауларымыз асып кетті.
Алайда НЕГІЗДІ сылтауларымыз біздің өте жанды жерімізге тиген екен, ол-БІЛІМ.

Алдымен осы Қазақ тілінде білім беру жүйені дұрыстамай, қазақ тілді ақпарат алу мүмкіндігін көбейтпей тұрып біздің Ана-тіліміз оңалады дегенге сенебеймін.

Менің Қазақ тілін қолдауға арналған жаңа жоспарым мынадай.
1) Әрбір Қазақ тіліне жанашыр( Мейлі Оралман, Мейлі журналисті, Мейлі шынымен жанашыр) Орысша жақсы үйренсін
2) Орыс тілділердің алдында әр Қашан екі тілде сайрап тұрыңыз. Бірақ ешқашан қарадомалақ Қазаққа Орысша сөйлемеңіз, әрине Қазақ тілін ұмытпаңыз.

Entry filed under: 1. Tags: .

Бүгін Мәуліт түні. Жалгызбын деме, Демеушин Алла!

7 пікір Add your own

  • 1. aizhannur  |  Ақпан 26, 2010, 1:59 am

    “nu, men je, orys klassynda u4ilasya! i voobwe jili my v sovetskoe vremya, a kakoe ol bylo sami znaete! dumaiu ne pravilno nas teper u4it kazakhskii yazyk!”
    menin bir kollegam

    Жауап беру
  • 2. ruslannnn  |  Ақпан 26, 2010, 3:27 am

    Үш тілді оқыту туралы ой осындай логикадан пайда болған-ау. Қолдаймын, дұрыс деп ойлаймын. Жаңа идея емес, оны өмірге енгізіп те жатыр ғой.

    Жауап беру
  • 3. zhanbolat  |  Ақпан 26, 2010, 4:15 am

    қазақша сөйлемегендері немесе білмегендері үшін, содан өздері ұялатындай ету керек

    Жауап беру
  • 5. Gastarbaiter  |  Наурыз 1, 2010, 12:16 pm

    Ия сылтау -себептер қазақша сөйлемеу үшін өте көп екен. Енді сол қазақша сөйлемейтіндерге қазақша сөйлеу үшін қандай позитивті себептер барын да жазсаңыз, жазбаңыз жанжақты болар еді.

    Жауап беру
    • 6. janarbek  |  Наурыз 1, 2010, 7:30 pm

      Adam bilmegnining dushpany goi. Olar bilmeitindikten kansha postive syltau bolsada adamga bailanysty negative karsy alu mumkin.

      Жауап беру
      • 7. Gastarbaiter  |  Наурыз 11, 2010, 11:45 pm

        Жауап қанағаттандындырмады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



Follow

Get every new post delivered to your Inbox.