Не себепті блог бастадыңдар?
Қараша 11, 2007 at 5:57 am 8 пікір
Не себепті блог бастадыңдар?
Блог бастау әркімнің қолынан келетін және жаһандану заманының бірде бір керегі ретінде түсінем. Өз басым блогты жеке басымның күнделігі ретінде қолданам. Кейбір ойларым мен тәжірибелерді, суреттерді және жаңалықтарды осы блог арқылы уақытқа, не орынжайға бағынышсыз түрде әлемнің әр түкпіріндегі адамдармен бөлісіп, ой пікір алмаса алам.
Блогтың осындай мүмкіндіктері блог жазушыға да, блог оқушыға да пайдалы деп ойлаймын. Мысалы, блог оқыушы менің жазғандарымнан өзіне керектісін алса, ал, мен өзімнің қаншалықты жұмыс атқарғанымды осы блог арқылы тексере алам.
Блог шынымен де қазақ қоғамына көмектесе ме?
Блог жеке басыма көп пайдасы болғанын жоғарыда айттым. Егер бұл қоғамдағы жеке адамдарға пайдалы болса, қоғамға да пайдалы болары сөзсіз.
Жаңа медиа берген еркіндік салдарынан қоғамда ұлтараздық, дінараздық мәселелер туады деп ойламайсыңдар ма?
Ойламаймын. Ұлтараздық, дінараздық мәселелер өткен 20, 19, 18, 17..ғасырларда жоқ па еді? Бар, демократияның үлгісі болған АҚШ-тың өзінде 21-ғасырға дейін жалғасып келеді. Бұрын бар нәрсені турдырады деп жаңа технологияның мүмкіндіктерінен шектелмеу керек, керісінше, сол ұлтараздық, дінараздык мәселелерді блог арқылы да пайдалы жолмен (егер бола қалса) шешуге де болар.
Қазақ тілінде блогты дамыту не үшін маңызды? т.б.
Егер Американдықтан сұхбат алсаңыз, Ағылшын тілінде блогты дамыту не үшін маңызды дерме едіңіз? Жоқ. Орыс тілінде ше? Әрине, ондай сұрақ алдыңыздағы сұхбаттасыңыздың күлкісін келтірер,..
Entry filed under: Internet. Tags: .
1.
Askhat | Қараша 11, 2007, 2:29 pm
Жауаптарыңызға рахмет. Менің жеке ойымша блогтың қоғамға тигізетін кері әсерін де көкейден шығармағынымыз жөн. Күні ертең әлдебір “есуас” қазақ тілінде қазақты қаралайтын блог ашса, оның танымал болып, қоғамда ылаң салуы әбден мүмкін. Немесе жалған мәліметтермен билікті арандатушылар да шығуы мүмкін. Осы тектес жайттарды ойлағанда төбе шашым тік тұрады. Кімнің аузына қақпақ боламыз? Бірақ бұдан шығар жол да жоқ-ау. Неліктен Батыс әлемі жаңамедияның қазақ қоғамында тезірек өрістеп дамуына мүдделі?
2.
janarbek | Қараша 12, 2007, 12:48 am
я солай, блогтың қоғамға қарсы қолдану мүмкін екенін мойындау керек.
Бұрында бұл мүмкіндік болған. Мысалы, веб сайт.
Блогтың ерекшелігі әр бір адам оңай жүргізе алады сондықтан пайдалы не пайдасыз блог жүргізуге көп мүмкіндік береді. Я сондықтан ьКімнің аузына қақпақ боламыз? ь деген сұрақ туады?
Біз қақпақ бола алмасақта қақпақ бола алатындар бар. Ұлттық қауіпсіздік орны істеу керек шығар.
Барлық технологияның қоғамға пайдалы және пайдасыз тараптары бар. Мысалы, комьпютерді, целл-фонеді қоғамға 100% пайдалы деп айта алмаймын. Комьпютер адам ден-саулығына зыйанды, ал телефонеді террористілер керектене береді.:) Блогты да террористілер керектенеді.
Егер қандайда бір қоғамды арандатан сайт бола қалған жағдайда(Өз басым болады деп сенем) біз оған қарсы блогтар жүргізуіміз керек,..т.б.
Ал батыс әлемі демократия атын жамылып ҚЗ дегі медиаға ықпалдау. Оларғада блог арқылы жол бермеу керек. Керісінше, олардан бұрын, сендер КЗ блог әлеміне көп қазақ жастарды әкелу керек.
Соңында, блогтан қаша алмаймыз. Сондықтан пайдасыз жақтарын көзге ала отырып өзімізге пайдалы болғызу жақтарын ойлау керек.
3.
janarbek | Қараша 12, 2007, 12:49 am
Sorry uzyn bolyp ketti.
4.
urimtal | Қараша 13, 2007, 5:33 pm
Ештеңе етпес. Сіздің әрбір пікіріңіз мен үшін құнды
5. Не себепті блог бастадың? « blog туралы блог | Қараша 13, 2007, 7:41 pm
[...] Жанарбек аталған сауалға өз блогында төмендегідей жауап беріпті: Блог бастау әр кімнің қолынан келетін және жаһандану [...]
6. kz.kazakhstan.neweurasia.net » Қазақ блогосферасы батыс әлеміне не үшін қажет? | Қараша 13, 2007, 9:15 pm
[...] мәселеге қатысты Жанарбектің пікірі мынадай: Ал батыс әлемі демократия атын жамылып ҚЗ [...]
7.
marhamet | Қараша 14, 2007, 9:30 am
barlihtarinizga hosilam. arine ar narsenin paydali, ziandi jagi boladi. Birah tikensiz gul bolmaidi degendi tagi eskeru kerekhoi. blog-ti handai nietpen ashsa solai aser etedi.
8.
fermer13 | Желтоқсан 18, 2007, 2:20 pm
Елдің амандығын білгенге не жетсін.
Блог сол үшін қажет.