Virtual Keyboard: Is it real?
Осыдан бірнеше жыл бұрын

осы суретті көрген едім. Көргенде жәй емес келешекте осындай кейбоард болады деп таңданған едік.
Бүгін сол келешекті көріп отырғандаймын.
Төмендегі суретті сол Virtual Keyboard -деп аталатын пәленеі біреулер жасап үлгергенге ұқсайды. Мен өзім қалтафонмен мсж жазғыштардан емеспін, өйткені әріптерді тергеннен ерінемін жыным келеді. Бірақ осындай кейбоардым болса онда неге жазбасқа?
Source: Link
Әлемдік және Қазақстандиқ миллиардерлер: Forbes-дан
| Аты жөні | Азаматтығы | Жасы | Жалпы байлығы | Тұрған жері |
| Vladimir Kim | Kazakhstan | 49 | 3.7 | Kazakhstan |
| Patokh Chodiev | Belgium | 57 | 3.3 | Kazakhstan |
| Alijan Ibragimov | Kazakhstan | 56 | 3.3 | Kazakhstan |
| Alexander Machkevich | Israel | 56 | 3.3 | Kazakhstan |
| Timur Kulibaev | Kazakhstan | 43 | 1.1 | Kazakhstan |
| Dinara Kulibaeva | Kazakhstan | 42 | 1.1 | Kazakhstan |
| Nurzhan Subkhanberdin | Kazakhstan | 44 | 1.1 | Kazakhstan |
http://www.forbes.com/lists/2010/10/billionaires-2010_The-Worlds-Billionaires_Rank.html
Қағаздан компьютерге….жазатын қалам.
Сіз қағазға жазғаныңызды компьютерге оңай түсіргіңіз келетін шығар?
Мұндай технологиялар әлдеқашан сатылымға шыққанымен мынау біреусі бөлек екен.
Қағаздағы(Суреттен) жазуды компьютерге сканерлеп немесе арнайы қалам арқылы түсіру бұл шешілген мәселе.
Ал мына қалам қағазға жазып жатқаныңызды сол сәтінде компьютерге түсіріп жатады. Тіпті компьютерді қағаздың үстінен басқаруға болады екен. Мысалы 5 бет поуерпойт слайдыңыз бар делік. Сол слайдтың қағазға принтерлеп шығарған нұсқасының үстіне қаламды ойнату арқылы компьютердегі нұсқасында басқара аласыз.
Бұл, әрине, бұрынғылардан өзгеше.
Жалгызбын деме, Демеушин Алла!
Жалгызбын деме, Демеушин Алла!
Сыркатпын деме, Емдеушин Алла!
Киналдым деме, Сынаушын Алла!
Досым жок деме, Сырласын Алла!!!!!
Егерде сен Алланы суйсен, осыны 10 адамга тарат, таратып болганнан сон буирса бугин Алла не бергенин коресин. Оширме.
Бүгін поштама келді.
Қазақша сөйлемeу үшін айтылатын жақсы сылтаулар.
Бізде Қазақпен Қазақ Қазақша сөйлессін деген жақсы қағидамыз бар, бірақ кейде қаракөз қазақтардың өзі сөйлегісі келмейді.
Қазақша Сөйлегісі келмейтіндердің және сөйлемейтіндердің сылтауларын екіге бөлдім.
Бірінші НЕГІЗСІЗ сылтаулар:
1) Жұмыстағылардың бәрі Қазақша білмейді.
2) Туыстарым қазақша білмейді
3) Жұмыста құжаттар орысша
4) Менің клиенттерім Орыс тілді
5) Өз ойымды Орысша еркін жеткізе аламын
6) Қоғам солай, мемлекеттік тіл деп айтылғаны болмаса, қоғамда ашық қолдау жоқ.
7) Бастықтар өздері сөйлемейді
8) Басқалары сөйлемейді( Жиналыста бәрі Орысша сөйлейді, арамызда Орыста бар)
9) Қазақ тілі қиын
10) Қазақша сөйлесем өзімді ауылдық Қазақ сияқты сезінемін.
Сізде қосымша сылтау болса жазып кетіңіз.
Ал ойлап отырсам Қазақша сөйлемеуге кедергі боларлықтай төмендегі “біраз НЕГІЗІ” бар сылтауларда бар екен.
1) Қазақша ақпарат алу қиын
2) Қазақша білім алу қиын
3) Жапы Қазақстанда Қазақша ғана білсең өмір сүруде қиын.
Жоғарда айтылғандай, НЕГІЗДІ сылтауларымыздан НЕГІЗСІЗ сылтауларымыз асып кетті.
Алайда НЕГІЗДІ сылтауларымыз біздің өте жанды жерімізге тиген екен, ол-БІЛІМ.
Алдымен осы Қазақ тілінде білім беру жүйені дұрыстамай, қазақ тілді ақпарат алу мүмкіндігін көбейтпей тұрып біздің Ана-тіліміз оңалады дегенге сенебеймін.
Менің Қазақ тілін қолдауға арналған жаңа жоспарым мынадай.
1) Әрбір Қазақ тіліне жанашыр( Мейлі Оралман, Мейлі журналисті, Мейлі шынымен жанашыр) Орысша жақсы үйренсін
2) Орыс тілділердің алдында әр Қашан екі тілде сайрап тұрыңыз. Бірақ ешқашан қарадомалақ Қазаққа Орысша сөйлемеңіз, әрине Қазақ тілін ұмытпаңыз.
Taaz.com: Виртуалды бояну(сәндену)
Виртуалды бояну(сәндену)
Өткен семестр David-деген Профессордың сабағын алған едім. Бүгін сол Профессордың идеясымен жасалған бір сайтты көрдім. Осы жерде.
Алғылшынша(Virtual Makeover, Real Beauty), Қазақшасы Виртуалды сәндену.
Сайттың мақсаты: қыздарға өздерін виртуалды түрде сәндеу мүмкіндігін беру.
Сайтты қолдану қарапайым.
Бірінші, сайтқа тіркелесіз, содан бір сурет қосып өзіңіздің шашыңыздың келбетін, пішінін жөндеу, көзәйнегіңізді өзгертіп көру, ерніңізді, көзіңізді бояу арқылы өзіңізге жарасатын сән үлгісін таңдайсыз. Әрине әйел затына арналған.
Мен бұл сайттың инженерлік және ғылыми жетістіктеріне бола жазып отырмын.
Төменде Борат
Мексикадағы Қазақтың блогы қайта оралды.
Қайта оралдым блогқа.
Араға біраз уақыт салып блогыма қайта оралдым. Өткен 2009-жылы Кореядан Қазақстанға, содан Қазақстаннан Мексикаға(Мексикамен АҚШтың ортасына) көшуiме байланысты біраз қарбалас болдық.

Енді міне сол бос уақытым болғанда блогты қайта жандандырамыз. Негізігі тақырыбым қәзіргі зерттеу жұмыстарым төңірегінде болады деген ойдамын.
Алғашқы тәжрибелік зерттеу жұмысымды бастап та қойдым. Негізігі мақсаты суреттен адамды тану. Блогы осы жерде.
Ағылшынша Face Recognition-дейміз. Әрине менен бұрын көптеген адамдар зерттеген алаң. Ал мен олардың жасағандарынан өзгеше әрі жылдам, әрі арзан етіп жасау мақсатындамын.
Мүмкін кешікпей, үйлерімізге құлыптың, сайттағы логиндерімізге құпия сөздің қажеті жоқ болар
Екінші бір бағытым, шет елде Доктрантура және Магистрантураға оқуға талпынғандар үшін арналады. Көп бере қоярым жоқ, дегенмен бір байпақ бұрын тоздырдықпа деп ойлаймын.
Әрине, Қазақ тілі, Қазақ интернеті 10 жылдан бері етімнен өтіп сүйегіме жеткен. Сондықтан бұл тақырыптағы өзекті мәселелерді түртетін кездерімде болады.
Ал осылай.
Аман болыңыздар.















